Investors site
S&P Global Ratings Еуразиялық банк рейтингісін «B/В» деңгейінде растады
21.12.2017

2017 жылғы 21 желтоқсан, Алматы қ. 2017 жылдың 15 желтоқсанында S&P Global Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі (бұдан әрі -«S&P») эмитент «Еуразиялық банк» АҚ-ның (бұдан әрі – «Банк») ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B/B» деңгейінде және «kzBB» ұлттық шәкіл бойынша рейтінгін растады.  Сондай-ақ S&P Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасында (бұдан әрі - «Бағдарлама») Банктің қатысуына байланысты Банк рейтингтерін UCO («Under Criteria Observation» - критерийлердің қайта қаралуына байланысты бақылаудағы рейтингтер) тізімінен алып тастады. 

 

Агенттіктің талдаушылары Бағдарламаға қосылу Еуразиялық банкке қосымша резервтер құруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Банктің ҚРҰБ-нің бағдарламасына қатысуын ескере отырып, S&P сарапшылары, Банктің акционерлерінің қажет болған жағдайда Банкке қосымша капитал беруге дайындығын және қабілеттілігін көрсетеді.

 

ҚРҰБ деректері бойынша 2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Еуразиялық банктің активтері 1 069,1 млрд. KZT, меншікті капиталы - 164,2 млрд. KZT құрады, Банк активтер мөлшері бойынша 9-орынға және қазақстандық коммерциялық банктер арасында меншікті капиталы бойынша 5- орынға иеленді. Сондай-ақ Банк жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің мөлшері және кредитттік портфелінің мөлшері бойынша 9-орында.

 

Банк туралы

Еуразиялық банк - Қазақстанның 23 жылдық даму тарихы бар әлеуметтік маңызды коммерциялық банктерінің бірі. Қаржы институты бөлшек сауда нарығында жетекші орын алады, корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне қызметтердің ауқымды түрлерін ұсынады. 2017 жылғы 4 қыркүйекте Еуразиялық банктің Директорлар кеңесі бөлшек бизнестің дамуын көздеумен жасалған қаржы институттың 2022 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдады. Еуразиялық банк Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») ірі әртараптандырылған компанияның иелеріне тиесілі, Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев Топ акционерлері болып табылады.

 

 

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

 

Еуразиялық банк демалыс күндері жұмыс істейді