Investors site
Еуразиялық банктің «7-20-25» бағдарламасы Қазақстанның 4 қалаларында
09.10.2018

2018 жыл қазанның 9-ы, Пресс-релиз Еуразиялық банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша Ақтөбе және Шымкент қалаларында өтініштерді қабылдай бастады.

Негізгі шарттары: номиналды сыйақы — 7% жылына, бастапқы жарна — 20% тұрғын үйдің бағасынан және максималды несиелеу мерзімі — 25 жыл.

Өтініштер банк филиалы мен бөлімшелерінде келесі мекен-жайлар бойынша қабылданады:
1. Филиал 3 Ақтөбе қ., Амангелды Қосжанов к., 7 үй.
2. Филиал 5 Астана қ., Бейбітшілік к., 46 үй.
3. Филиал 6 Алматы қ., Алмалы ауданы, Байтұрсынұлы к., 50-52 үй.
4. Филиал 15 Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Қонаев к., 31 үй.

Бағдарламаның шарттарымен www.eubank.kz сайтында таныса аласыздар.

Еуразиялық банк — бағдарламаға қатысатын 7 қазақстандық банктің бірі.

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі
Тел.: +7 (727) 259-95-99, ін.: 3453, press@eubank.kz