Investors site
Еуразиялық банк төлем карталардың қауіпсіздік стандартының ең соңғы нұсқасына сәйкес болуға қатысты сертификаттаудан өтті
25.07.2017

24.07.2017ж., Алматы - Еуразиялық банк Қазақстанда алғашқылардың бірі болып PCI DSS төлем карталары индустриясында ақпаратты қорғау бойынша халықаралық стандарттың 3.2 нұсқасының талаптарына сәйкес болуға қатысты сертификаттаудың жыл сайынғы рәсімінен сүрінбей өтті.

 

PCI DSS (Payment Card Industry Data Security Standard, төлем карталардың қауіпсіздік стандарты) Visa, MasterCard, American Express, JCB және Discover сияқты танымал жүйелермен құрылған Төлем карталары индустриясының қауіпсіздік стандарттары жөніндегі кеңеспен  (Payment Card Industry Security Standards Council, PCI SSC) әзірленді.

 

3.2. стандартының ең соңғы нұсқасына сәйкес болу клиенттердің және олардың транзакцияларының деректері сақталған банктің ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігі берік екендігін растайды және осы жәйт төлем карталардың деректерін сақтау, өңдеу және жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық жүйелерді қамтыған "FortConsult" компаниясымен өткізілген тәуелсіз аудиторлық тексеру барысында "Еуразиялық банк" АҚ-тың PCI DSS төлем карталар саласының стандартына сәйкес екендігін растады.

 

 "Біз өз клиенттерімізге ең қолайлы және сұранысқа ие банктік өнімдерді және сервисті ұсынуға талпынамыз, сондай-ақ төлем операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің басым міндеттермісіздің бірі", - деп мәлімдеді "Еуразиялық банк" АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.

 

 

Анықтама

Еуразиялық банк - 1994 жылы негізі қаланған әмбебап қазақстандық банк. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск,Омскі  мен Челябинскте кредиттік-кассалық офистері бар. S&P рейтингі: В. KASE мүшесі, KazPrime-ге қатысушы. Банктің сәтті қызметі халықаралық басылымдармен  берілген номинациялардағы марапаттарымен расталады, олар - «Қазақстанның үздік банкі» - IAIR, 2014 ж. «Қазақстанның үздік банкі» - EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» - Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 жылдар, «Қазақстанның үздік банкі» - Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» - The Banker, 2012 және 2014 жылдар.

 

Еуразиялық банк Қазақстанның ЖІӨ-нің 4%-нан артық үлесіне және оның металлургиялық және кен өндіру өнеркәсібінің үштен бір бөлігіне ие табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы ірі әртараптандырылған компания - Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») иелеріне тиесілі. Қазір Eurasian Resources Group феррохромның ең ірі өндірушісі, сондай-ақ темір кенінің  және глиноземнің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Eurasian Resources Group өндірістік активтері мен кен орындарын өңдеуге қатысты жобалары төрт континентте де бар. Сонымен қатар Компания саладағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Әлемде Топтың қызметкерлер қатары 80 000 қызметкерден аса санға ие. Топ акционерлері: Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев.

 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4761)

press@eubank.kz www.eubank.kz