Investors site
Еуразиялық банк өзінің еурооблигацияларының бөлігін құнын өтеп алды
14.09.2017

2017 жылғы "13" қыркүйек, Алматы қ., Пресс-релиз. "Еуразиялық банк" АҚ (бұдан әрі - Банк) Қазақстандық қор биржасында 2017 жылдың 17-ші мен 25-ші тамыз аралығында 258 801 056 АҚШ долларына тең жиынтық көлемінде өзіндік халықаралық облигацияларын (бұдан әрі - еурооблигациялар) құнын өтеп алды. Бұрынғы құнын өтеп алынған және күші жойылған еурооблигацияларды ескере, банктің осы шығарылымның шеңберінде 2017 жылғы "06" қараша өтеу жоспарлы күніндегі өтеу бойынша міндеттемелері 102 595 944 АҚШ долларын құрады.

 

"Еуразиялық банк" АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логиновтың айтуы бойынша: "қаржы нәтижесін тиімді басқару мақсатында біз еурооблигацияларымыздың бөлігін құнын өтеп алу жайлы шешім қабылдадық. Өйткені қазіргі таңда қорландыруды одан да төмен мөлшерлемелер бойынша тартуға мүмкіндік бар. Еуразиялық банк осы қағаздарды өзіндік қаражаты есебінен құнын өтеп алды, осы әрекетіміз арқылы біз өтімділік позицияларымыз нық екенін баршаға көрсеттік".

 

2014 жылдың қарашасында Еуразиялық банк 3 жыл мерзіммен және 500 000 000 АҚШ доллары номиналды көлемімен еурооблигацияларды алғаш рет шығарғанын естеріңізге саламыз. 2017 жылдың маусымында 138 603 000 АҚШ доллары номиналды көлемімен бұрын құнын өтеп алынған еурооблигациялардың күші жойылған болатын.

 

Банк туралы

Еуразиялық банк - 1994 жылы негізі қаланған әмбебап қазақстандық коммерциялық банк. S&P рейтингі: В, «жағымсыз» деген болжамға ие. KASE мүшесі, KazPrime-ге қатысушы. Банктің сәтті қызметі халықаралық басылымдармен  берілген номинациялардағы марапаттарымен расталады, олар - «Қазақстанның үздік банкі» - IAIR, 2014 ж. «Қазақстанның үздік банкі» - EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» - Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 жылдар, «Қазақстанның үздік банкі» - Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» - The Banker, 2012 және 2014 жылдар. Еуразиялық банк Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») ірі әртараптандырылған компанияның иелеріне тиесілі, Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев Топ акционерлері болып табылады.

 

"Еуразиялық банк" АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

 

Еуразиялық банк демалыс күндері жұмыс істейді