Investors site
Еуразиялық банк, Mastercard және Apple бірігіп Apple Pay қызметін іске қосты
28.11.2018

Алматы қ., 2018 жыл қарашаның 28-і Бүгін, 2018 жылдың қарашаның 28-і Apple Pay қызметі Еуразилық банк клиенттеріне, Mastercard карталарының иелеріне қолжетімді болды. Apple Pay-ге картаны қосу үшін Apple -дағы Wallet қосымшасын ашып, "+" белгісін картаны қосу үшін басу керек. Картаны сканнан өтікізіп немесе картаның номерін енгізу қажет. Одан кейін карта бойынша қосымша ақпаратты: CVV, жарамдылық мерзімі және СМС арқылы келген уақытша парольді енгізу керек. Осы уақыттан бастап пластик картасымен төлем мен қызметтерді төлеуге болады. iPhone-ды төлем терминалына жақындатып, Touch ID төлемді, құрылғыдағы парольмен немесе Face ID көмегімен экранға қарап растау қажет.
 

«Біз технологияны инвестициялап, клиенттерімізге заманауи иннновацияны ұсынуға тырысамыз. Осы жылдың мамыр айында Еуразиялық банк Android иелеріне NFC көмегімен жанасусыз төлемдер жасау қызметін алғашқы банктердің бірі болып ұсынды. Біз қазақстандықтардың смартфон арқылы төлемдер жасауға қызығушылығын көріп, осы уақытқа дейін «алмашылардан» Apple құрылғыларының иелеріне бұл қызмет қашан шығатыны жайлы көптеген өтініштерді қабылдадық. Бүгін Еуразиялық банк карталарының иелеріне, iPhone және Apple-дың көптеген құрылғыларын қолданатындарға Apple Pay қызметін ұсынамыз. Әлемде танымал төлем жүйесінің Қазақстанда пайда болуы – дәстүрлі «пластиктан» бас тартуына тағы бір қадамға жақындауымыз. Клиенттеріміз жанасусыз төлемнің ыңғайлылығы, қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалайды деп үміттенеміз», - деп Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Павел Логинов айтты.
 

Төлемдерді iPhone SE, iPhone 6 және жаңа модельдермен, одан бөлек Apple Watch «ақылды» сағатпен, iPad және MacBook арқылы жасауға болады. Еуразиялық банкта карта ашып, өзінің құрылғыңа қосып, жанасусыз төлемдерді қолдайтын терминалдар орналасқан жерде және ғаламторда төлем кезінде кез
 келген жерде қолдануға болады. Apple Pay арқылы ғаламторда төлем жасау оңай және ыңғайлы. Онлайн төлем кезінде iPhone, iPad немесе Mac-тағы Safari-да есепке алу жазбасын немесе ұзын жазбаны толтыру қажет емес: Apple Pay-ды қолданыңыз. Ал Touch ID технологиясымен MacBook Air және MacBook Pro-да бір жанасумен төлемуге болады. Айтпақшы, картаның номері құрылғыда, Apple серверінде сақталмайды және төлем кезінде сатушыға да жіберілмейді. Оған құпияланатын және қауіпсіз Secure Element чипінің құрылғысында сақталатын, есепке алу жазбасының бірегей номері беріледі. Қазақстандағы POS-терминалдардың 65%-ы және дүние жүзіндегі 1 миллионнан жоғары саны жанасусыз төлемдерді қолдайды. Еуразиялық банктің картасын тегін жеткізуге үйден шықпай, онлайн  pay.smartbank.kz-те қалдыруға болады.