Investors site
Еуразиялық банк «Қазпошта» бөлімшедерінде несиелерді рәсімдеуді жүзеге асырды
09.10.2018

2018 жыл қазанның 9-ы, Пресс-релиз «Еуразиялық банк» АҚ Ақтөбе, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы «Қазпошта» бөлімшелерінде кепілсіз қаржылай несие мен зейнеткерлерге арналған кепілсіз несиелерді рәсімдеу тәжірибе жобасын бастады.

Қаржылай несие бойынша максималды несиелеу сомасы 5 миллион теңге және зейнеткерлерге 700 000 теңге, ал несиелеу мерзімі 6 айдан 48 айға дейін. Несиенің әрекет ету мерзімі аяқталған сәтте борышкер жасы 21 жастан 65 жасқа дейін (зейнеткерлерге — 75 жас) болуы қажет. Несиені рәсімдегенде комиссия және ішінара жапқан кезде шектеу жоқ. Несие кез келген мақсатқа беріледі: демалыс, жөндеу жұмыстары, ірі заттарды саты алу үшін. Несиені минималды құжатпен рәсімделеді: жеке куәлік немесе паспорт (+ зейнеткерлерге — зейнеткер құжаты). Орташа рәсімдеу уақыты — 10-15 минут. Одан бөлек, банк несиенің қаражатын 1 күннің ішінде берілу мүмкіндігін береді.

«Біз өзіміздің Қазақстанда нарығындағы орнымызды кеңейтіп ғана қоймай, өзіміздің шығындарымызды да бақылаудамыз. Бұл жағдайда филиал желісінде және «Қазпоштамен» бірлескен жобамыз нәтижелі болуы қажет. Клиенттерге келсек, алыс елді-мекендерде тұратын қазақстандықтарға қаржы қызметін ұсынатын банктер тізімі көбейді. Шынайы бәсекелестік ылғи да қызметтерді қолданатын тұтынушыға тиімді, себебі ең жақсысын таңдай алады», — деп «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы, Павел Логинов ойлайды.

Несиенің айлық төлемін «Қазпошта» бөлімшелеріндегі кассадан бөлек, ақпараттық төлем терминалдары, Smartbank интернет және мобильді банкингте, pay.smartbank.kz порталында басқа банктің картасынан аударым ретінде және банк бөлімшелерінде төлеуге болады. Ақтөбе облысында «Қазпоштаның» 40, Қарағандыда — 90, ал Жамбылда — 64 бөлімшелері жобаға қатысады. Бөлімшелердің мекен-жайларын eubank.kz сайтында білуге болады.
 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі
Тел.: +7 (727) 259-95-99, ін.: 3453, press@eubank.kz