Investors site
Еуразиялық банк және OneTwoTrip бірлескен тревел-порталын қосады
13.12.2017

Алматы, 2017 жылғы 13 желтоқсан - Еуразиялық банк (Қазақстан) және OneTwoTrip саяхаттар қызметі клиенттерге авиабилеттерді сатып алу, қонақүйлерді брондау немесе 3 ай мерзімге бөліп төлеу кезінде бонус алуға мүмкіндік беретін арнайы eubank.onetwotrip.kz порталын іске қосты. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бірнеше қадамды орындау керек:

  1. Eubank.onetwotrip.kz сілтемесі бойынша порталға өту
  2. 800 авиакомпанияның біреуінің билетін таңдау немесе бүкіл әлем бойынша
    1 500 000 қонақүй, апартамент және жатақханалардың біріндегі бөлмені брондау. Еуразиялық банктің кез-келген карточкасы бойынша, оның ішінде үш айлық пайызсыз кезеңмен бөліп төлейтін карточкасын қоса алғанда, тапсырысқа төлем жасау.
  3. «Бөліп төлеу» карточкасынан басқа кез-келген банк карточкасымен сатып алған жағдайда, пайдаланушының бонустық шотына қонақүйде, жатақханада немесе апартаменттерде тұру құнының 8% -ы  және авиабилет құнының 3% -ы қайтарылады.
  4. «Бөліп төлеу» карточкасымен төлем жасаған жағдайда, пайдаланушының бонустық шотына қонақүйде тұру/авиабилет құнының 1%-ы қайтарылады. Бөліп төлеп сатып алуды ресімдеу үшін комиссия жоқ.
  5. Бонустарды сапардан кейін пайдалануға болады. Бонустарды кез-келген басқа сатып алу кезінде пайдалануға болады, ал Smartbank интернет-банкингінің көмегімен бонустар «тірі» ақшаға аударылады.

Eubank.onetwotrip.kz сайтында сатып алу жасаған клиенттер үшін, сондай-ақ басқа OneTwoTrip клиенттері үшін пошта және телефон, сондай-ақ танымал жедел хабаршылар - VK, FB, Telegram, Viber, WhatsApp арқылы қолжетімді болатын тәулік бойғы қолдау қызметі жұмыс істейді.

 

БАҚ үшін байланыс:

Алексей Белоусов

PR-менеджер

www.onetwotrip.com

+7 (965) 525 07 02

alexey.belousov@onetwotrip.com

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599599 ішкі 3453, press@eubank.kz

www.eubank.kz

 

OneTwoTrip сервисі туралы

OneTwoTrip — Ресей және ТМД елдерінің саяхаттар сервисінің онлайн-нарығының көшбасшысы. Біз саяхатты оңай жоспарлауға көмектесеміз: бүкіл әлем бойынша апартаменттерді немесе 1 500 000 қонақүйдің біреуіндегі пәтерді арнайы бағамен брондау, 800 авиакомпаниясының, соның ішінде лоукостерлердің бірінен авиабилеттер немесе Қазақстан мен ТМД бойынша ҚТЖ-дан теміржол билетін сатып алу.   Күнде пайдаланушылар OneTwoTrip.com сайты және iOS пен Android арналған мобильді қосымшалар арқылы 15 000 астам тревел-өнімдерін сатып алады. Қызметтің тұрақты клиенттері кейінгі тапсырыстарға  төлеуге болатын трипкоиндарды әр сатып алу үшін алады. Біздің клиенттер үшін қосымша қызметтер тегін және барлық сұрақтарға қолдау қызметінің мамандары тәулік бойы мессенджерлер немесе  телефон арқылы жауап береді.

 

Банк туралы

Еуразиялық банк - 23 жылдық даму тарихы бар Қазақстандағы жүйе құрушы коммерциялық банктердің бірі. Еуразиялық банк бөлшек банкинг нарығында озық позицияларға ие, корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне сан түрлі қызметтерді көрсетеді. Банк 10 ірі коммерциялық банктің қатарына кіреді. 2017жылғы 4 қыркүйекте Еуразиялық банктің Директорлар кеңесі бөлшек бизнестің дамуын көздеумен жасалған қаржы институттың 2022 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдады. S&P Global Ratings рейтингтік агентігі эмитент "Еуразиялық банк" АҚ-тың ағымдағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B» деңгейінде және ұлттық шәкіл бойынша рейтіингті «kzBB» деңгейінде растады. Рейтингтің тұрақтылығы қорландырудың әртараптандырылған базасын, банктің өтімділігі айтарлықтай мол екендігін және Қазақстанның банктік нарығында тұрақты бизнес-позициясының бар екенін ескереді. 

 

Еуразиялық банк демалыс күндері жұмыс істейді