Investors site
Құрметті клиенттер!
21.09.2018

2018 жылғы "01" қыркүйектен бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін науқаны өз бастауын табады!

 

Eurasian Bank-те депозитті ашқан кезде Сіз есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге 50%-ға дейін жеңілдікті және ағымдағы шотты тегін ашу мен жүргізуді, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз айырбастау операцияларын аласыз.

 

Қызмет көрсетуге не кіреді?

Қызмет көрсетуге ағымдағы шоттармен барлық операциялар кіреді, мысалы: ағымдағы шотты ашу және жүргізу, ұлттық және шетел валюталарында төлемдер мен аударымдарды жүргізу, кассалық және айырбастау операциялары.

 

Қызметтердің құны қандай?

Жеңілдіктер есепке алынған қызметтердің құнын келесі сілтеме бойынша кестеден таба аласыз.  Файлды жүктеп алыңыз және Eurasian Bank қызметтерін пайдалану тиімді екеніне көзіңізді жеткізіңіз!

 

Қандай талаптармен депозит орналастырылады?

"Мерзімді" салымы:

  • Салым мерзімі: 1 000 000 теңгеден бастап.
  • Сыйақыны төлеу: ай сайын/тоқсан сайын/жарты жылда/ жыл сайын немесе салымның әрекет етуінің соңында.
  • Ішінара алулар: қарастырылмаған.
  • Қосымша жарналар: қарастырылмаған.
  • Салым мерзімі: 1 айдан бастап.
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 10,5%-дан бастап*.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: Жылдық 11,0%-дан бастап*.
  • Мерзімінен бұрын бұзу "Талап етілгенге дейін" салымының мөлшерлемесі бойынша.

 

"Әмбебап" салымы:

  • Алғашқы жарна сомасы: 1 000 000 теңгеден бастап.
  • Қосымша жарналар: тараптардың келісіміне сәйкес.
  • Ішінара алулар: 1 000 000 теңгеден бастап мөлшерде төмендетілмейтін қалдықты сақтау шартымен.
  • Салым мерзімі: 4 айға дейін.
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 9,5%-дан бастап*.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 9,9%-дан бастап*.
  • Мерзімінен бұрын бұзу "Талап етілгенге дейін" салымының мөлшерлемесі бойынша.

 

Ағымдағы шоттағы ақшалай қаражаттардың қалдығына сыйақыны есептеу:

  • Сыйақы 1 млн. теңге бастап 500 млн. теңгеге дейін мөлшерде төмендетілмейтін орташа айлық қалдықты сақтау шартымен есептеледі.
  • Сыйақы мөлшерлемесінің әрекет ету мерзімі: 6 ай.
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6,0%*.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6,3%*.

                                   

* Сыйақы мөлшерлемелері жасалатын шарт бойынша нақты таңдалған параметрлерге қарай өзгеруі мүмкін.

 

Шетел валютасында орналастыру талаптарын Банктің бөлімшелерінен нақтылаңыз.

 

Қай жерде заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшелер орналасқан?

Eurasian Bank бөлімшелерінің көбісінде заңды тұлғаларға қызмет көрсетіледі. Сізге ыңғайлы болсын деп келесі сілтеме бойынша файлда тізімді жариялаймыз.

 

Науқанның мерзімі қандай?

Науқан 2018 жылғы "31" желтоқсанға дейін өтеді.

 

Eurasian Bank-пен бірге жинақтарыңызды арттырыңыз және ағымдағы шоттармен операциялар бойынша шығындарды қысқартыңыз!

 

Егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін келесі сілтеме бойынша орналасқан файлда көрсетілген телефондар бойынша хабарласыңыз.