Investors site
Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу

Егер Сіз ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-дан (бұдан әрі – АҮМК) түсетін зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды алушы болсаңыз, Сізге АҮМК-ға ағымдағы шоттар мен төлем карталарына есептелген зейнетақыларды, жәрдемақыларды төлеу бойынша «Еуразиялық банк» АҚ-ның жаңа қызметін пайдалануды ұсынамыз.
 
«Еуразиялық банк» АҚ-да зейнетақылар немесе жәрдемақылар алудың екі қадамы:

  • Банкте ағымдағы шот ашу немесе төлем карточкасын алу;
  • Жергілікті АҮМК бөлімшесіне «Еуразиялық банк» АҚ арқылы зейнетақы немесе жәрдемақы аудару туралы өтініш беру.


Артықшылықтары:

  • ағымдағы шотты тегін ашу немесе төлем картасын тегін шығару;
  • әлеуметтік төлемдер мен зейнетақының барлық түрлерін тегін алу;
  • ағымдағы шотты/төлем карточкасын ашу үшін ең ақ құжаттар пакеті (жеке басын куәландыратын құжат);
  • өзінің шоттарын Интернет арқылы басқаруға мүмкіндік беретін «SMART BANK» қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесіне қосылу мүмкіндігі;
  • Сіз депозит ашып, оған белгілі бір ақша сомасын аударуға ұзақ мерзімді тапсырма ресімдеуіңізге болады;
  • Банк бөлімшелерінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу мүмкіндігі.


* мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемелер қосу, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, жерлеу жәрдемақысы, зейнетақы төлемдері мен басқа да төлемдерді (бұдан әрі зейнетақылар мен жәрдемақылар) алу құқығына ие болу сәтінде инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорында нақты салынған міндетті зейнетақы жарналары сомасы мен зейнетақы жинақтары сомасы арасындағы айырма ретінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылардан ақша ұстау.
 

 

Еуразиялық банк демалыс күндері жұмыс істейді