Investors site
Сейфтік сақтау

«Еуразиялық банк» АҚ Сіздің материалдық және құжаттамалық құндылықтарыңыздың сақталуына кепілдік береді!

Сейфтік операциялар* – клиенттердің ұсынылатын сейфтердің мөлшерлеріне сәйкес келетін ақшасын, бағалы қағаздарын, құндылықтарын, құжаттары мен басқа да материалдық құндылықтарын сақтау қызметтері.


Жалдау мерзімі – 1 тәуліктен 13 айға дейін және одан да аса.

  • Клиенттің мүлкі сақтауға Банк тарапынан сақтауға тапсырылатынды тіркемей қабылданады.
  • Сақтау үй-жайы мен сейфке қолжетімділікті Банктің қауіпсіздік қызметі тәулігіне 24 сағат бойы бақылайды.
  • Банк сейфтерде сақтаудағы мүліктің толық құпиялығы мен сақталуына кепілдік береді.


Бірегей мүмкіндіктер:
Сейфке қолжетімділік – Клиент үшін кез келген қолайлы уақытта операциялық күн ішінде;

Сейфті пайдалану мүмкіндігі:

  • сенімхат бойынша үшінші тұлға;
  • Клиенттен Серіктеске ақша қаражатын беру рәсімінің қауіпсіздігі үшін Клиенттің Серіктесімен бірлесіп.

Сейфті пайдаланғаны үшін ақы төлеу тәсілдері - Клиенттің қалауы бойынша қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол төленеді. Төлем сейфті жалдаған барлық кезең үшін жүргізіледі.


Сейфтер туралы қызықты мәлімет:

  • Сейф ақша мен құндылықтарды сақтаудан табыс алуға мүмкіндік бермейді, бірақ оларды үйде сақтауға байланысты тәуекелдерді болдырмайды;
  • Банктік депозитарий - әртүрлі мөлшердегі металл сейфтер. Жеке сейфтер жоғары класты күзет және өртке қарсы арнайы жабдықталған депозитарийде орналастырылады.

 
Құндылықтарды сейфтерде сақтау артықшылықтары:

  • сақталатын құндылықтардың немесе ақшаның көлемі таңдалған сейфтің мөлшерімен шектеледі;
  • Банк мәжбүрлі таратылған жағдайда сейфтерге қолжетімділік шектелмейді, ішіндегісі иелеріне беріледі;
  • ақшаны «жастық астында» сақтаумен салыстырғанда сейфтің артықшылығы – ұрылардан қорғаныс.

 

Тарифтер

 

Сіз Банктің Алматы, Астана, Ақсу, Рудный, Қарағанды, Атырау, Өскемен, Семей, Қостанай, Шымкент қалаларында орналасқан филиалдарында депозитарий қызметтерімен пайдалана аласыз.

 

Сейфтік операциялар тарифтері

 

*Банк/филиал жарылғыш және тез тұтанғыш заттарды, оқпен ататын, газбен әсер ететін және суық қаруды, химиялық, есірткі және психотроптық заттарды сақтауға қабылдамайды.

 

Еуразиялық банк демалыс күндері жұмыс істейді