Investors site
Банк туралы
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2016
2016 жылғы 18 қаңтар – Еуразиялық банк қазақстандық барлық банктерінің карталары арасындағы ақша аударымына арналған Pay.Smartbank.kz онлайн-сервисін іске қосты. Бұл сервистің көмегімен интернет-банкингке тіркелместен немесе банк бөлімшесіне келместен картадан картаға ақша аударуға болады.
 
2016 жылғы 15 наурыз – Еуразиялық банктің аналитикалық деректеріне сәйкес теңгедегі салымдардың жиынтықты портфелі 2016 жылдың басынан бастап 2016 жылғы ақпан айының соңына дейін 36 млрд. теңгеге өсті, өсу пайыздық мәнде 22% құрады.
 
2016 жылғы 14 сәуір – EMEA Finance халықаралық экономикалық басылым 2015 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық банкті Қазақстандағы ең үздік банк деп таныды. Бұндай атақты Банк қатарынан үшінші жыл иеленіп отыр.
 
2016 жылғы 3 мамыр – Еуразиялық банк Ұлттық банктің рұқсатын алып және осыған сәйкес табыстау актісіне қол қоя отырып, EU Bank-ті (бұрынғы БанкПозитив Қазақстан) ресми түрде қосу рәсімдерін жүргізді. Қосылудан кейін үлкейген банк өз жұмысын «Еуразиялық банк» брендімен жалғастырады.
 
2016 жылғы 7 мамыр – Еуразиялық банк интернет-банкингтің мүмкіндіктерін ұлғайтты. Pay.Smartbank. kz төлем ресурсында енді Еуразиялық банктегі кредитті қазақстандық кез келген банктің төлем картасымен өтеуге болады. ​
2015
 
2015 жылғы 9 қарашада, Челябинск қ.  Еуразиялық  банк  Челябинскіде  жаңа пішімдегі бөлімше ашты (Ресей) мекенжайы: Свобода көш., 80 үй. Бөлімшенің жаңа үлгідегі желісі  жылдам және сапалы қызмет көрсетуді ұсынады, Еуразиялық үшінші жыл табысты өсу үстінде.
 
2015 жылғы 20 қазанда, Еуразиялық банк түрік банкі BankPozitif Kredi ve Kalkinma Bankasi Anonim Sirketi-нен БанкПозитив Қазақстанның 100% акцияларын сатып алу туралы сатып алу-сату шартына қол қойды. Сатып алынатын банк Еуразиялық банк брендімен жұмысын жалғастырады және бизнесті кеңейтіп, Еуразиялық банкке күрделі экономикалық жағдайларда сенімді позицияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
2015 жылғы 8 шілде, Еуразиялық банк үшінші рет Asian Banking & Finance халықаралық қаржылық басылымының "Қазақстанның үздік бөлшек банкі" номинациясы (Domestic Retail Bank of the Year – Kazakhstan) бойынша марапатына ие болды.
 
2015 жылғы 6 сәуір, Еуразиялық банк 2014 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша жыл сайын өткізілетін Europe Banking Awards конкурсының «Қазақстанның үздік банкі» номинациясында тағы да жеңімпаз деп танылды. Бұл халықаралық EMEA Finance басылымы сарапшыларының екінші наградасы: Банк 2013 жылы қол жеткізген атақты сақтай білді.
 
2015 жылғы 27 қаңтар, Еуразиялық банк 2014 жылғы жұмысын қорытындылады. ҚРҰБ стандарттары бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есепке сәйкес Банктің таза табысы салық шегерімімен 11,02 млрд теңгені құрады. Бір жылдың ішінде Банк активтері 42,3%-ға, 836 млрд теңгеге дейін артты, ал несиелік портфель 32,5%-ға, 609,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
 
2014
 
2014 жылғы 28 қаңтар, 2013 жылдың қорытындылары бойынша Еуразиялық банк негізгі көрсеткіштердің сенімді өсімін көрсетті. ҚРҰБ стандарттары бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есептілікке сәйкес Банктің таза табысы салық шегерімімен 12.9 млрд теңгені құрады, ол 2012 ж. соған ұқсас көрсеткішінен 34,3%-ға асады. Банктің таза табысы ҚҚК сәйкес 14,6 млрд теңгені құрады немесе 2012 ж. салыстырғанда 48,2%-ға артық.
 
2014 жылғы 19 ақпан, Еуразиялық банк қазақстандық банк секторындағы сенімді қаржылық институт мәртебесін сақтап қалды. Кешегі операциялық күннің (18 ақпан) соңындағы жағдай бойынша депозиттер мен ағымдағы шоттардың өсімі жыл басынан бері   45.8 млрд теңгені (11.7%) және құнсыздану туралы жарияланған сәттен бастап 34.9 млрд теңгені (8.7%) құрады. Аталған күнге Еуразиялық банктің депозиттері мен ағымдағы шоттары бойынша қалдық 436,5 млрд теңгеге жетті. 
 
2014 жылғы 17 наурыз, Еуразиялық банктің жаңа Smartbank жүйесінің рекорды – күніне 400-ден аса жаңа пайдаланушы! 2013 жылғы ақпанда жаңа жүйені іске қосқан сәттен бастап 70 мыңнан аса адам Smartbank клиенттерінің қатарына қосылды. Ағымдағы жылдың алғашқы екі айында ғана жүйе пайдаланушыларының қоры 25 905 адамға ұлғайды.
 
2014 жылғы 31 наурыз, Қазақстан тұңғыш рет ең беделді әлемдік Moto Grand Prix мотожарыстарға қатысты. Еуразиялық банк осы спорт түрі тарихындағы ең табысты мотосайысшылар – тасжол-айналма мотожарыстары бойынша тоғыз дүркін әлем чемпионы итальяндық Валентино Росси мен төрт дүркін әлем чемпионы испандық Хорхе Лоренцо өнер көрсететін Movistar Yamaha MotoGP командасының серіктесі болды. Сондай-ақ, Еуразиялық банк мотошабандоз Хорхе Лоренцоның тікелей демеушісі болды. Келісімшарт 2016 жылға ұзарту мүмкіндігімен 2014 – 2015 жж. екі маусымға жасалды. Серіктестік туралы 21 наурызда Movistar Yamaha MotoGP сайысшыларының мотоциклдері мен жарыс киімдерінде Еуразиялық банктің таңбасымен осы маусымның алғашқы жарыстары өткен Катарда баспасөз конференциясында ресми түрде жарияланды.
 
2014 жылғы 08 сәуір, Еуразиялық банк Ақтау қаласы, 8-ықшам аудан, 39 «Б» үй мекенжайында «Болашақ филиалы» үлгісінде жүзінші бөлімшесін ашты. Еуразиялық банк жедел және сапалы қызмет көрсететін жаңа үлгідегі офистер желісін екі жылдан бері табысты түрде дамытуда.
 
2014 жылғы 08 сәуір, Еуразиялық банк нарыққа инновациялық өнімдерді шығарды. Ұсыныс Банктің әлемдегі ең табысты командалардың бірі - Movistar Yamaha MotoGP және төрт дүркін әлем чемпионы, мотошабандоз Хорхе Лоренцомен серіктестігінің басталуына орайластырылған.
Еуразиялық банктің жаңа TURBO депозитінің талаптары бойынша сыйақы күн сайын есептеледі және төленеді. ТURBO депозит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі теңгеде  10,5%-ды, АҚШ долларында 3,6%-ды, еурода 2,5%-ды және рубльде 3,6%-ды құрайды. Салымды толықтыру және ішінара алу мүмкіндігімен салымның ең төменгі сомасы 7000 теңге, 100 АҚШ доллары, 100 еуро немесе 1500 рубль. Салымшылардың ақшасының сақталуын Депозиттерге кепілдік беру қоры қамтамасыз етеді.
 
2014 жылғы 21 мамыр, Еуразиялық банк қаржылық есептіліктің қазақстандық  стандарттары бойынша 2014ж. І-тоқсандағы жұмыстың қорытындысын шығарды. Банктің 2014ж. I-тоқсанда таза пайдасы салықтарды төлегеннен кейін 1,2 млрд теңгені құрады,  бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен  62,5%-ға  (3,2 млрд теңгеге) төмен. Пайданың көрсеткіштерінің төмендеу себептері  девальвациядан кейін өтімді  активтердің  мөлшерін жоғарылатуға (ақпан мен наурыз айларындағы орташа  мәні 23%, жоспарлы көрсеткіш 15% кезінде) және бөлшек кредит берудің айтарлықтай консервативтік саясатына Банктің шешімі болып табылады.
 
2014 жылғы 22 мамыр, Еуразиялық банк EMEA Finance халықаралық экономикалық басылымының марапатын иеленді.  Құрамында әлемдегі жетекші талдаушылар мен кеңес берушілер бар кәсіби біліктілігі жоғары төрешілер Еуразиялық банкке  «Қазақстандағы үздік банк»  атағын берді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі  Варшавада өтті. Еуразиялық банктің атынан Басқарма төрағасының орынбасары Роман Машчык қатысты.
 
2013
 
2013 жылғы 17 қаңтарда «Еуразиялық банк» АҚ Private Banking жаңа офисінде және «Столичный» ТК клиенттердің бірінші операциялары жүргізілді. Қазақстандықтар алғашқы рет Швейцарияның Julius Baer, Lombard Odier и Societe Generale Switzerland ең ірі банктік мекемелерінің барлық өнімдер мен қызмет түрлеріне қолжетімділікке ие болды.
 
2013 жылғы 17 қаңтарда КУРСИВъ республикалық апталығы «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Майкл Эгглтонмен болған сұхбатты жариялады. Онда Эгглтон мырза неліктен қазақстандық инвестбанкинг үлгісі батыстықтан сенімдірек екені жөнінде, қандай кредит беру секторлары Банк үшін тиімдірек екені жөнінде, банктік салада жетістіктердің болмау себебі мен өзінің жеке инвестициялары туралы әңгімеледі.
 
2013 жылғы 18 қаңтарда Еуразиялық банк MasterCard WorldWide халықаралық төлем жүйесінің Принципиалды мүшесі болды және MasterCard және Maestro сауда белгілері бойынша карточкаларды шығаруға және қызмет көрсетуге лицензия алды. Сондай-ақ Банк MasterCard PayPass контактісіз карталарына қызмет көрсетуге лицензия алды. Принципиалды мүше мәртебесі тұрақты көрсеткіштері бар, жоғары іскерлік беделді және карточкалық бизнесте айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар серпінді дамушы қаржы мекемелеріне ғана беріледі.
 
2013 жылғы 5 ақпанда Тараз қ. №10 филиалы атынан Еуразиялық банк «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлердің қарыздары бойынша кепілдік беру» компонентін жүзеге асыруға қосқан маңызды үлесі үшін» Жамбыл облысы бойынша өңірлік Үйлестіру кеңесі тағайындаған «Үздік Банк» атағына ие болды. Жамбыл облысында 16 банктің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істейді, бірақ олардың үшеуіне ғана, соның ішінде «Еуразиялық банк» АҚ №10 филиалын қоса, облыстық әкімдік пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өкілдерінен марапаттар табыс етілді.
 
2013 жылғы 6 ақпанда Future 25 жобасын іске асыру, ЖОО-мен және «Еуразиялық банк» АҚ жастар саясатымен ынтымақтастық шеңберінде Батыс Қазақстанда « Сарапшы 2013 - Аналитик 2013» студенттік жоба басталды. Бұл жобаның мақсаты – соңғы курстардың дарынды және шығармашыл студенттерін анықтау және Банктің сапалы кадрлық резервін қалыптастыру, сондай-ақ бірегей идеялар мен бизнес-тұжырымдамаларды іздестіру және дамыту.
 
2013 жылғы 13 ақпанда «Болашақ филиалы» ірі ауқымды жоба шеңберінде «Еуразиялық банк» АҚ электрондық кассир-рециркуляторларды (ЭКР) сынама түрде іске қосты. Алғашқы ЭКР Банктің екі бөлімшесінде қолданысқа енгізілді – Алматы қ. № 609 және Атырау қ. № 803. Бұл маңызды және көптен күткен оқиға Банктің түрлі құрылымдық бөлімшелерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі болды, оның мақсаты – көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жылдамдығын жетілдіру.
 
2013 жылғы 1 наурыздан бастап 31 наурызға дейін «Еуразиялық банк» АҚ тек қана аруларға арналған «8,88%» Акциясын іске қосты. «8,88%» Акциясы шеңберінде біздің қымбатты әйелдер қауымы тұтынушылық мақсаттарға төмен пайыздық мөлшерлемемен қолма-қол ақшамен кепілсіз кредит ала алады.
 
2013 жылғы 15 наурызда Батыс Қазақстан ЖОО-ның студенттері мен түлектері арасында өткізілген «Сарапшы 2013 - Аналитик 2013» конкурсының нәтижелері қорытындыланды. Студент жастарды банк саласының жоғары кәсіпқой басқарушыларына дайындауды мақсат еткен бұл конкурсты өткізу бастамасын көтерген Еуразиялық банктің Future 25 жобасының жас және ынташыл қатысушылары.
 
2013 жылғы 12 наурызда «Интерфакс - Казахстан» АА баспасөз орталығында Қазақстан Республикасында тұтынушылық ритейл нарығын дамытуға арналған «Еуразиялық банк» АҚ, Alser сандық техника дүкендер желісі мен Visa International халықаралық төлем жүйесімен бірлескен баспасөз конференциясы өткізілді. «Еуразиялық банк» АҚ пен ритейл мамандары осы жылы тұтынушылық нарықта экономиканы қалпына келтіруге және жаңа банктік өнімдер пайда болуына байланысты серпіліс болады деп болжауда. Баспасөз конференциясында «Еуразиялық банк» АҚ басқарушы директоры Бертран Госсар мәлімдегендей, ағымдағы жылдың 1 қаңтарында қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің тұтынушылық кредиттер портфелінің көлемі 1 526 574 млн теңгеге жетті. Жылдық өсім 41,2% құрады.
 
2013 жылғы 10 сәуір – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша шоғырландырылған қаржылық есепке сәйкес «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының Қазақстан мен Ресейдегі 2012 ж. қызметі нәтижесіндегі таза пайдасы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бір жарым есеге өсіп, 9,8 млр.теңгені құрады. Бұл Еуразиялық банктің 18 жылғы тарихындағы ең жоғарғы пайда көрсеткіші болып саналады.2011 жылдың қорытындысы бойынша алдыңғы рекорд 6,04 млрд.теңгені құраған болатын. Осылар туралы бүгінгі баспасөз конференциясында «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Майкл Эгглтон мырза мәлім етті.
 
2013 жылғы 11 сәуір – «Еуразиялық банк» АҚ 2013 жылғы 09 сәуірде Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда жүйесінде Банктің табыстылығы жылдық 11,15% құрайтын номиналды құны 5,5 млрд теңге 10 жылғы (өтеу мерзіміне дейін) субординацияланған облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілгені туралы хабарлайды.
 
2013 жылғы 24 мамыр - Көкшетау қаласында Еуразиялық банктің жаңа филиалы ашылды.
Бүгіннен бастап Ақмола облысының тұрғындары Еуразиялық банктің барлық қаржылық қазметтерін заңды және жеке тұлға ретінде пайдалануға мүмкіндік алды. Жаңа филиалдың ашылу салтанатына банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон қатысты.
 
2013 жылғы 18 шілде -  Standard & Poor’s (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі «Еуразиялық банк» АҚ-тың рейтингтер бойынша болжамын «тұрақтыдан» «оңға» дейін жоғарылатты. Агенттік сонымен қатар контрагенттің ұзақ мерзімді «B+» рейтингі мен қысқа мерзімді «В» рейтингін растады. Ұлттық шкала бойынша «kzBBB» рейтингін «kzBBB+» рейтингіне дейін жоғарылатты.
 
2013 жылғы 23 шілде — Еуразиялық Банк екінші жыл қатарынан Asian Banking & Finance журналының «Қазақстанның үздік банкі» номинациясында марапатқа ие болып отыр. Орталық Азия өңірінің жетекші қаржы басылымы жыл сайын Азияның ең ірі банктері мен қаржы институттары арасындағы көшбасшыларды марапаттайды. Үстіміздегі жылы салтанатты марапаттау Сингапур қаласында өтті. Атаулы оқиғаға әлемнің жиырмадан артық елінен екі жүзден аса банкир жиналды.
 
2013 жылғы 21 тамыз «Еуразиялық банк» АҚ 2013 жылғы I жартыжылдықтағы қызметінің қорытындыларын ұсынды. ХҚЕС сәйкес әзірленген аудиттелмеген шоғырландырылған аралық қысқартылған қаржылық есептілікке сәйкес Банк басты қаржылық көрсеткіштердің оң серпінділігін көрсетуді жалғастыруда: айтарлықтай пайда, активтер мен клиенттік базаның өсімі жағдайында тәуекелдер деңгейі төмендеуде.
Банк ұсынған қаржылық есептілікке сәйкес 2013 жылдың I жартыжылдығында Банктің басты қаржылық көрсеткіштері өткен жылдың соған ұқсас есепті кезеңімен салыстырғанда мына түрде өзгерді:
Банктің таза пайдасы 6,3 млрд. теңгені құрады, ол 2012 жылдың бірінші жартысында алған пайдадан 80,5%-ға асады. Таза пайданың өсуі банктік операциялар кірісінің артуымен, шығындарды үздіксіз оңтайландырумен, сондай-ақ клиенттік базаның тұрақты өсуімен байланысты. Аталған кезеңдегі таза пайыздық кіріс 56,2%-ға, яғни 17,3 млрд. теңге деңгейіне дейін жоғарылады.
 
2013 жылғы 03 қазан Қызылорда. Еуразиялық Банкітің 20-шы филиалының салтанатты ашылуы болып өтті. Еуразиялық Банктің Қызылордада Желтоқсан көшесі, 11 «А» мекенжайында ашылып отырған жаңа филиалы ай сайын мыңдаған клиенттерге қызмет көрсете алады.
 
2013 жылғы 26 қазан Еуразиялық банктің ХҚЕС бойынша таза пайдасы 2013 жылдың 9 айы үшін өткен жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артты.

  

2012
 
Ақпан: Сандж зерттеу орталығы өткізген кредит беру қолжетімділігін зерттеу бойынша соңғы деректер жария болды. Компания талдаушылары қызмет көрсетудің әртүрлі аспектілері бойынша банктердің рейтінгін жасады. Осы туралы «Банктік кредит беру қызметтерінің қолжетімділігі» баспасөз конференциясында айтылды. Еуразиялық банк жемқорлықтың төмен деңгейі бойынша көшбасшылар үштігіне енді.

Наурыз: Банк клиенттерін 2012 жылғы «26» наурыздан бастап Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына ақша аудару бойынша «Western Union» аударым жүйесі тарифтерінің өзгергені туралы хабардар етті.

Сәуір: Банктің директорлар кеңесі Банктің жарғылық капиталын 2012 жылы 9 млрд теңге сомасына ұлғаюын қарастыратын бюджетті бекітті.

Сол айда Банк өзінің бөлшек желісін кеңейту шеңберінде қазақстандық нарық үшін теңдесі жоқ жаңа үлгідегі Бөлшек қызметтер орталығымен (БҚО) таныстырды. 2012 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңа үлгідегі 73, соның ішінде бесеуі Алматы қаласында, бөлшек қызмет орталығы ашылады. Еуразиялық банктің өңірлік экспансия бағдарламасы 2013 жылдың соңына дейін өзінің желілерін 3000 орыннан асатындай етіп кеңейтуді қарастырады (толық қызмет көрсету түрлерімен 20 филиал, 120-дан аса бөлшек қызмет көрсету орталығы мен 2500-ден аса қызмет көрсету орны).

Маусым: Банк 2011 жылғы қызметінің қорытындыларын жариялады. 2010 жылдың соған ұқсас кезеңімен салыстырғанда операциялық шығыстардың кірістерге арақатынасы (CIR) 52.2%-ды құрап, 31,0%-ға қысқарды, таза пайда 6,05 млрд теңгеге дейін артты, ол 2010 жылдың соған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 991%-дан асады, таза пайыздық кіріс 209%-ға көтерілді, провизияларды қалыптастырғанға дейінгі таза операциялық кіріс 108,6%-ға артты, ал таза пайыздық маржа (NIM) 6,1%-ды құрап, 144%-ға артты.

2011ж. соңында: Банктің кредит портфелі 281,2 млрд теңге деңгейіне дейін ұлғайды, ол 2010 жылдың соңындағы деректермен салыстырғанда 19,8%-ға артық.

Бөлшек кредиттер портфелі 2011 жылы 31,7 млрд теңгеге артып, 101,8 млрд теңге деңгейіне жетті, ал оның жиынтық несие портфеліндегі үлесі 2011 жылдың соңында 36,2%-ды құрады.
 
2 шілде – Еуразиялық банк сейфтік сақтау саласында нарықта жаңа технологиялық шешім ұсынады. Еуразиялық банктің «Жайлау» гольф-шипажайындағы бөлімшесінде бірегей депозитарий ашылды. Енді Банк клиенттері депозит ұяшықтарына аптасына 7 күн тәулік бойы қолжетімділікке ие болады.

5 шілде – Euromoney журналы Еуразиялық банкке «Қазақстанның үздік банкі» атағын берді. Марапат Euromoney-дің қаржы талдаушылары 100-ден аса елде өткізілетін үміткер-банктер қызметін талдау нәтижесінде тағайындалады.

25 шілде – қазақстандық «KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің кредиттік рейтингін ұлттық шкала бойынша «ВВВ»-дан «A-»-ке дейін және халықаралық шкала бойынша «ВВ-»-тен «BB»-ға дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам тұрақты.

2 тамыз – Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі «тұрақты» болжамымен Еуразиялық банктің B+ рейтингін растады. Агенттіктің баспасөз хабарламасында айтылғандай, теңгерім сапасы, өтімділік пен кірістің жақсы көрсеткіштері, тәуекелдерді басқарудың сапалы жүйесі мен басшылық құрамы Банктің мықты жақтары болып саналады.

3 тамыз – Moody`s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Еуразиялық банктің шетелдік валютадағы банктік депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «В1» деңгейінде растады. Сондай-ақ, Moody’s Банктің қаржылық тұрақтылығының тәуелсіз рейтингін E+ деңгейінде, шетелдік валютадағы қысқа мерзімді банктік депозиттер рейтингін Not Prime деңгейінде, жергілікті валютадағы артықшылықты қамтамасыз етілмеген борыш рейтингін B1 деңгейінде және жергілікті валютадағы реттелген борыш рейтингін B2 деңгейінде растады.

23 тамыз – Asian Banking & Finance, Орталық Азия өңірінің жетекші қаржы басылымдарының бірі Еуразиялық банкке 150 ірі қаржы институттары арасында өткізілген зерттеу қорытындыларына негізделген «Қазақстанның 2012ж.үздік бөлшек банкі» (Domestic Retail Bank of the Year – Kazakhstan) атағын тағайындады.

8 қыркүйек –«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде жыл сайынғы XIII «Алматы – менің алғашқы махаббатым!» музыкалық ретро фестиваль өтті. Еуразиялық банк аталған шараның ресми демеушісі болды.

8 қыркүйек – Алматы қ. «Апорт» сауда ойын-сауық кешенінде Еуразиялық банк Технодом компаниясымен бірлесіп, «Автомания» бірлескен акция шеңберінде Renault Sandero және Renault Logan 5 автомобилін ұтысқа салды. Ұтыс ойынына акция өткізу кезеңінде Банктің кредит желілері бойынша Технодом дүкендер желісінде кез келген тауарға алдан ала қарыз ресімдеген Еуразиялық банктің клиенттері қатысты. Renault автомобилін ұтып алған 5 жеңімпаздың аты лотерея барабанынан клиенттердің купондарын кездейсоқ таңдау әдісі арқылы «Апорт» кешенінің көптеген келушілерінің қатысуымен салтанатты жағдайда жарияланды.

13 қыркүйек – Еуразиялық банк кредиттерді өтеуге арналған алғашқы және жаңа негізді терминалдар іске қосылғаны туралы хабарлайды. Осыдан былай тұтынушылық кредит бойынша кезекті төлемді төлеу үшін Еуразиялық банктің заманауи және қолайлы терминалдарын пайдалануға болады. Төлеу рәсімі клиенттер үшін кассаға кезекте тұру уақытын бірнеше есе қысқартады.

17 қыркүйек – Еуразиялық банк өзінің 2012 жылдың I жартыжылдығындағы қызметін қорытындылады. 2011 жылдың соған ұқсас кезеңімен салыстырғанда операциялық шығыстардың кірістерге арақатынасы (CIR) 57,8%-ды құрап, 2%-ға қысқарды, таза пайда 3,5 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі таза пайдадан 28,1%-ға асады, таза пайыздық кіріс 45,8%-ға, 7,6 млрд теңге деңгейіне дейін өсті және таза пайыздық маржа (NIM) ағымдағы жылы 6,7%-ды құрап, 9,1%-ға артты.

2 қазан – «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Майкл Эгглтонмен онлайн-конференция аяқталды. Шара барысында Эгглтон мырза біздің пайдаланушыларымыздың ең өзекті деген сұрақтарына толық жауап беруге тырысты. Негізінен, оқырмандар Еуразиялық банкте кредит беру талаптары, тұтынушылық қарыздар алу, ШОБ үшін қаржыландыру жобалары туралы, ағымдағы кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі және түрлі төлемдер жасау, белгілі бір кіріс деңгейін немесе Еуразиялық банктің ипотекалық бағдарламасының ерекшеліктерін ескере отырып кредит алу, Банктегі авто кредит беру және т.б.бойынша сауалдар қойды.

1 қыркүйектен бастапбүгінгі күнге дейін республикада алғашқы рет «Интерактивті мектеп - Интерактивная школа» бірегей жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – оңтүстік астананың жалпы білім беретін мекемелерінің инновациялық мүмкіндіктерін арттыру. Еуразиялық банк осыншалық маңызы бар әлеуметтік шараның ресми серіктесі болған нарықтың жалғыз қатысушысы (қаржылық қана емес). Осыған байланысты, жоғары қоғамдық маңыздылығы мен өзектілігі үшін жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының» «2012 жылғы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» жеңімпаздың дипломымен марапатталды.

1 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін – VISA мен Sinooil-дың «Байқап көріңіз – Сізге сыйлықтар алған ұнайды!» бірлескен акциясы өткізілді. Осы кезеңде Акция талаптарына сәйкес Сіз автомобиль және Sinooil компаниясының автомобильге жанар-жағармай құю станциясы желілерінде VISA карточкасы арқылы жанар-жағармайға төлем жасаған кезде бензинге талон беру ұтысына қатысушы боласыз.
 
2012 жылғы 29 қазанда «Еуразиялық банк» АҚ Еуразиялық даму банкінен (ЕДБ) сауданы қаржыландыру мақсатына жаңғыртылатын кредит желісін алғаны туралы хабарлады. 7 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз 5 жыл мерзімге берілді. Бұл қаражат ЕДБ қатысушы-мемлекеттердегі Банк клиенттерінің сыртқы сауда операцияларын қаржыландыруға жұмсалады. Қаржыландыру АҚШ долларында, теңгеде, рубльде немесе ТМД елдері валюталарында берілуі мүмкін.

2012 жылғы 27-28 қазанда алматылық «Жайлау» гольф-клубында «Eurasian Bank Zhailjau Club Championship 2012» гольф-турнир өткізілді. Еуразиялық банк бірнеше жыл қатарынан аталған спорттық шараның бас демеушісі болып отыр.

2012 жылғы 30 қазанда Еуразиялық банк 2012 жылдың өткен 9 айындағы қызметін қорытындылады. 2011 жылғы соған ұқсас кезеңімен салыстырғанда операциялық шығыстардың кірістерге (CIR) арақатынасы 59,5%-ды құрап, 1,7%-ға артты, таза пайыздық пайда 6,3 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың соған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 54,9%-ға артық, таза пайыздық кіріс 14,8 млрд теңге деңгейіне дейін 42,8%-ға өсті. Осы кезеңде таза пайыздық маржа (NIM) ағымдағы жылы 6,8%-ды құрап, 30,8%-ға артты, ал капиталдың тиімділігі (жарғылық капиталдың ұлғаюын ескергенде) (ROAE) 22,8%-ды құрады.

2012 жылғы 2 қарашада «Еуразиялық банк» АҚ 29.10.2012 ж. Директорлар кеңесі Банктің атаулы купондық реттелген қамтамасыз етілмеген облигацияларын шығару туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлады. Банктің атаулы купондық реттелген облигациялар шығару жалпы көлемі 10 000 000 000 (он миллиард) теңгені құрайды, номиналдық құны 100 (жүз) теңге, айналу мерзімі 7 (жеті) жыл. Шығарылатын облигациялар айналысы облигациялар «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың ресми тізіміне енгізілген күннен басталады.

2012 жылғы 9 қарашада «Еуразиялық банк» АҚ жаңа Private Banking клиенттерге дербес қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы болды. Жаңа бөлімше артықшылықты клиенттерге жеке банктік қызмет көрсету саласында Банктің мүмкіндіктерін арттырады. Банк өз клиенттеріне міндеттерді шешудің жеке жолдарын, дербес қаржы менеджерлерінің қызметтері бойынша құпиялық және тәулік бойы қолжетімділікті ұсынады.

2012 жылғы 9 қарашада Еуразиялық банк «Жайлау» гольф-шипажайында Банктің баспасөз клубының кезекті отырысын өткізді. Кездесу барысында Банктің 2012 жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелері, Қазақстанның банк жүйесінің ағымдағы жағдайы мен Интернет-банкингтің даму болашағы туралы тақырыптар сөз болды. Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон мен басқарушы директор Бертран Госсар спикер қызметтерін атқарды.

«Болашақ филиалы» ауқымды жоба шеңберінде 2012 жылғы қарашадан бастап Еуразиялық банк Рудный, Өскемен, Атырау, Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Қордай қалаларында 9 жаңа Бөлшек қызмет көрсету орталығын (БҚО) іске қосты. Жаңа бөлімшелер ашу Еуразиялық банктің клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне шығу туралы және қазақстандық нарық үшін бөлшек желіні теңдессіз кеңейту шеңберінде инновациялық Бөлшек қызмет көрсету орталықтарын (БҚО) іске қосу туралы шешімі болды. Еуразиялық банктің БҚО-лары шын мәнінде технологиялық шешім мен жоғары жайлылық аумағының сәтті үйлесімі болды.

2012 жылғы 30 қарашада «Еуразиялық банк» АҚ Alser сауда желісімен бірлесіп жаңа бонустық өнім - Alser Like IT кобрендингілік картасын қолданысқа енгізу туралы жариялады. Клиенттер картаны ALSER дүкендер желісінде бонустар алу, дүниежүзі бойынша сауда орындарында тауарлар мен қызметтерге төлем жасау үшін пайдалана алады, сондай-ақ Visa картасын қолдайтын банкоматтарда қолма-қол ақша ала алады.

2012 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында Еуразиялық банктің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орайластырылған мерекелік спорт жарыстары өтті. Атқарушы биліктің жергілікті органдары ауқымды республикалық акцияның ұйымдастырушылары болды. Спорт жарыстарында Еуразиялық банктің атынан өңірлік филиалдар басшылары ресми құттықтау сөз сөйледі. Олармен бірге Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге әкімдіктердің басшылары мен өңірлік БАҚ қатысты. Осындай тарихи оқиғаның құрметіне Еуразиялық банк қалалардың әкімдіктерімен ынтымақтаса отырып демеушілік көрсетті.

2012 жылғы 5 желтоқсанда «Еуразиялық банк» АҚ екінші облигациялық бағдарлама шеңберінде Банктің көлемі 100 млн. дана атаулы купондық реттелген облигациялардың төртінші шығарылымы туралы хабарлады. 2012 жылғы 29 қазандағы бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі негізінде (Банктің директорлар кеңесі шешімімен) Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі жоғарыда аталған облигацияларға «жағымсыз» болжамымен В2 рейтингін тағайындады. Moody’s агенттігінің рейтингі Банктің кредиттік тәуекелін ғана бағалайды және басқа тәуекелдерді, нақты айтқанда өтімділікті жоғалту тәуекелін, нарықтық баға өзгерістері тәуекелін немесе бағалардың ағымдағы өзгерістері тәуекелін ескермейді.

2012 жылғы 5 желтоқсанда «Еуразиялық банк» АҚ KazPrime қазақстандық банкаралық депозиттер индикаторын қалыптастыру келісімінің қатысушысы болды. KazPrime қатысушылар тізіміне ену Банктің Қазақстанның банкаралық ақша нарығындағы жоғары беделі мен жоғары кредит сапасын, осы нарықтағы операцияларға белсенді қатысу мен қаржылық тұрақтылықты білдіреді.

2012 жылғы 5 желтоқсанда «Еуразиялық банк» АҚ 2012 жылдың өткен 11 айдағы қызметін қорытындылады. 2011 жылғы соған ұқсас кезеңмен салыстырғанда таза пайда 9,1 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың соған ұқсас кезеңіндегі таза пайдадан 75,2%-ға асады, резервтерді қалыптастырғанға дейін таза пайыздық кіріс өткен жылдың соған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,6 млрд теңге деңгейіне дейін 54,5%-ға өсті. Сол уақытта таза пайыздық маржа (NIM) 7,0%-ды құрады, ал капиталдың тиімділігі (жарғылық капиталдың ұлғаюын ескергенде) (ROAЕ) 25,7%-ды құрады.

2012 жылғы 28 қаңтарда қазақстандық «KzRating» агенттігі «Еуразиялық банк» АҚ кредиттік рейтингін ұлттық шкала бойынша «А-»-тен «A+»-ке дейін және халықаралық шкала бойынша «ВВ»-дан «BB+»-қа дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам тұрақты. Агенттіктің пікірі бойынша рейтингтің өзгеруі қаржылық және операциялық көрсеткіштердің тұрақты оң серпінділігіне байланысты.
 
2011
 
2011 ж. қаңтар: Standard & Poors Еуразиялық банктің ұлттық шкала рейтингін “kzBB”-ден “kzBB+”-ке дейін жоғарылатуы серіктестердің кредиттік рейтингтерінің B/B деңгейіндегі растауы, сондай-ақ «Еуразиялық банк» болжамының «жағымсыздан» «тұрақтыға» қайта қарау. Экономикалық құлдырау рейтингтеріне әсер етпеген жалғыз банк. Moody’s депозиттер рейтингі жергілікті және шетелдік валютада B1, болжам – «жағымсыз».
2011ж. наурыз: Moody's келесі аталған борыштық құралдарға B1 рейтингін тағайындады:
 
  • KZT10000M сатып алынған қамтамасыз етілмеген жай облигация, өтеу мерзімі 2023
  • KZT5000M сатып алынған қамтамасыз етілмеген жай облигация, өтеу мерзімі 2019
  • Moody's келесі аталған реттелген борыштық құралдарға B2 рейтингін тағайындады:
  • KZT5000M реттелген жай облигация, өтеу мерзімі 2015
  • KZT15000M реттелген жай облигация, өтеу мерзімі 2023
 
2011ж. наурыз: Бөлшек бизнес көлемдерін ұлғайту мақсатында «ПростоКредит» МКҰ (SocieteGenerale) бизнесін сатып алу.
Бүкіл Қазақстан аумағы бойынша 450-ден аса сату орны, Еуразиялық Банктің клиенттік базасын 250 000-ға ұлғайту.
 
2011 жылдың бірінші жартысы:
 
  • Moody’s және Standard & Poors рейтингтік агенттіктер Еуразиялық банктің 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы рейтингін B1 теріс болжамымен және тиісінше В тұрақты болжаммен растады.
  • Еуразиялық банк 2011 жылғы бірінші жартыжылдықтың аяғындағы жағдайға сәйкес 16.9% және 1.3% деңгейдегі ROAE и ROAA көрсеткіштері бойынша Қазақстанның банктік секторда ең үздіктердің бірі болды.
  • 01.07.2011 жылғы жағдайға сәйкес активтердің жалпы көлемі алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7%-ға 338 млрд теңге деңгейіне дейін ұлғайды, бұл ретте аса өтімділік және жоғары кірісті активтер үлесінің ұлғаюы нәтижесінде туындаған жағымсыз спрэдтің төмендеуін қарастыратын орташа мерзімді стратегияға сәйкес алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда несиелік портфель 31.7% ұлғайды.
  • 2011 жылғы маусымның соңындағы жағдайға сәйкес алдыңғы жылдың маусымындағы 1.3 млрд теңге мөлшеріндегі шығынмен салыстырғанда таза табыс 2.3 млрд теңге деңгейіне дейін күрт өсті.
  • 2010 жылдың соңынан бастап сату орындарының саны 2011 жылғы маусымның соңында 74.2%-ға 1136 дейін өсті.
  • 01.07.2011 жылғы жағдайға сәйкес, клиент шоттарының саны жыл ішінде 78.2%-ға ұлғайып, 436 467 құрады.
  • Комиссиялық кіріс/операциялық кіріс 01.07.2011 жылғы жағдайға сәйкес 15,3%-ды құрады.
  • 01.07.2011 жылғы жағдайға сәйкес провизиялар есептелгенге дейінгі жиынтық табыс 01.07.2010 жылғы жағдайдағы 1.2 млрд теңгемен салыстырғанда 204.6%-ға ұлғайып, салық шегерілген 3.5 млрд теңгені құрады.
  • Еуразиялық банк 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес 95.4%-ды құрайтын есептелген пайыздық табысқа алынған пайыздық табыстың қатынасы бойынша ең үздік көрсеткіштерге ие.
  • маржа жылдың өткен кезеңіндегі NIM таза пайыздық маржа 2011 жылғы маусым соңында 2010 жылғы маусыммен салыстырғанда 176.5%-ға алға жылжып, 4.7%-ға дейін өсті.
  • Банк шығыстардың кіріске қатынасын (CIR) төмендету үшін үздіксіз жұмыс істейді: сондықтан бірінші жартыжылдық аяғында бұл коэффициент 63.5%-ға (2010 жылдың осыған ұқсас кезеңінде 81.6%)тең.
 
2011 жылдың 2 жартысы:

2011 жылғы тамызда Банк Visa-Fast Funds жаңа технология негізінде өз клиенттері үшін әп-сәттегі ақшалай аударымдар жасау қызметін іске қосып, Қазақстандағы үздік қаржылық институт болды.

Банк 2011 жылғы өткен 9 ай ішіндегі қызметінің нәтижелерін ұсынды. 2010 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда таза пайыздық табыс 172%-ға, таза операциялық табыс провизияларды есептегенге 90.0%-ға, таза пайыздық маржа(NIM)147.5%-ға ұлғайды, шығыстардың кіріске қатынасы (CIR)30,6%-ға қысқарды, ал таза кіріс 2010 жылғы 9 ай кезеңі ішінде 1,060 млрд теңге шығынмен салыстырғанда 4,087 млрд теңгені құрады.

Банктің 2011 жылғы өткен 9 ай ішіндегі активтері 2011 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 355,9 млрд теңгені құрап, 6,1%-ға өсті. Активтердің өсуі негізінде есептік кезеңдегі несиелік портфельдің айтарлықтай өсуімен шарттастырылған. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес Банктің несиелік портфелі жыл басынан бастап 17,8%-ға ұлғайып, 2010 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 34,7%-ға өсті.

2011 жылғы 2 қараша: Банк "Western Union" компаниясы Ван қаласына – Түркияның жер сілкінген аймағына жіберілген ақшалай аударымдар үшін "Комиссиясыз ақша аудару" акциясын іске қосты. Акция 2011 жылғы 25 қарашаға дейін созылды.

2011 жылғы желтоқсанның басында: : Банк өз салымшыларын «Зейнетақылық», «Қазына» №№1 және 2 пакеттер, «VIP» №№1 және 2 пакеттері бойынша жеке тұлғалар үшін салымды айырбастау кезінде қолданылатын сыйақы мөлшерлемеле өзгертілетені туралы хабарлайды.

2011 жылғы желтоқсан: Standard & Poor’s рейтингтік агенттігі «Еуразиялық банк» АҚ ұзақ мерзімді рейтингінің «B», «Тұрақты» болжамынан «B+», «Тұрақты» болжамына көтерілгені туралы хабарлады. Бұдан басқа ұлттық шкала бойынша рейтинг үш толық тармаққа дейін көтерілді–«kzBB+»-ден «kzBBB» дейін.
 
2010
 
2010 жылы:  Банк 2009 жылғы кредиттер бойынша шығындарды жабуға резервтер құрастырғаннан және Банк акционерлері капиталды тиісті түрде ұлғайтқаннан кейін тағы да кірісті болды (провизиялар есептелгенде және есептелмей)(Еуразиялық банк – ішкі нарықтағы барлық банктердің ішіндегі капитал тапшылығы сәтінде мемлекеттік қолдауды пайдаланбаған бір ғана банк болды).
 
2010 жылдың басында: Еуразиялық банктің ТМД елдерінде қатысу географиясын кеңейту стратегиясы шеңберінде «Тройка Диалог» ресей коммерциялық банкін, Мәскеу қ., сатып алу бойынша мәміле табысты аяқталған болатын.
 
Клиенттік базаның, кредиттік операциялар деңгейінің өсуі, сондай-ақ KASE-гі (Қазақстан қор биржасы) валюталық бизнес көлемі бойынша бірінші орындар.
 
2010 жылғы маусым: Moody’s Банк облигациялары эмиссиясының жергілікті валютасымен KZT22 млрд. (USD151млн) сомасына B1 ұзақ мерзімді рейтинг берді.
 
2009
 
Еуразиялық банк бүркемесіз қызмет етуге ұмтылғаны үшін Қазақстан қор биржасының дипломымен марапатталған.
 
«Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес өзінің жалғыз акционері - «Евразиялық қаржылық-өнеркәсіптік компания» АҚ-на («ЕҚӨК» АҚ) – үш еншілес ұйымына «Еуразиялық капитал» АҚ-на, «Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на («ЕЖЗҚ» АҚ) және «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ(«Еуразия» СК АҚ).
 
Еуразиялық банк Қазақстанда бірінші рет жұмыс күні 12 сағатқа созылатын бөлімше ашты.
 
2008
 
Еуразиялық банктің VISA Infinite Eurasian Diamond Card картасының дизайны ОЕТША (CEMEA) өңірінде ең үздік деп танылды.
 
Еуразиялық банк және Visa әлемдегі бірінші эксклюзивтік бриллиант және алтын өрнегі бар картаны – VISA Infinite Eurasian Diamond Card ұсынды.
 
Еуразиялық банк өзінің сыртқы міндеттемелері бойынша соңғы ірі төлемді іске асырды.
 
Еуразиялық банк KASE-гі фьючерс пен тазартылған алтынның сауда-саттығына қатысушы болды.
 
Қазақстанда бірінші рет Еуразиялық банк балаларға арналған Visa төлем карточкасын шығарады.
 
Қаржылық қадағалау агенттігі Еуразиялық банк 100 млрд. теңге көлеміндегі облигациялық бағдарламасын тіркеді.
 
Евразийский банк погасил синдицированный заем на сумму 51,5 млн. долларов США.
 
Еуразиялық банк еншілес зейнетақы қорының жарғы капиталын 3-тен аса рет ұлғайтады.
 
Астанада 2 жаңа есеп айырысу-кассалық бөлімше ашылды.
 
Банк Қазақстан Қағазы компаниясының $100 млн. сома облигациялар шығарылымының қаржылық кеңесшісі және андеррайтеры болып, бірінші рет инвестициялық банк рөлінде көрінді.
 
Visa International халықаралық төлем жүйесі Банк мәртебесін Принципиалды мүшеге дейін көтерді.
 
Банктің акционерлік капиталы KZT 4 млрд. сомасына ұлғайтылды және KZT 12 млрд. (US$ 99 млн.) жетті.
 
Еуразиялық банк және оның еншілес ұйымдары рестайлинг жүргізеді.
 
Банктің менеджерлік командасының ауысуы. Қаржы институтының басшылығында негізгі позицияны Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Латвияның банктерінде бай жұмыс тәжірибесін алған тәжірибелі менеджерлер орын алды.
 
2007
 
51,5 млн. АҚШ доллары сомасына төртінші синдикатталған қарыз тартылды.
 
Fitch Еуразиялық банктің «B-», болжамы «Тұрақты» рейтингін растады.
 
30 млрд. теңге сомасына бірінші облигациялық бағдарлама және Банктің облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымы тіркелген.
 
Еуразиялық банк «Орта–Азиялық Сенімгерлік Компания» АҚ-ның (АО «Центрально-Азиатская Трастовая Компания») 100% жай акцияларын сатып алды.
 
Банк сатып алғандағы акция құнын анықтау әдістемесі бекітілді.
 
Standard & Poor`s «Тұрақты» болжамын «Позитивтік» болжамына өзгертті. «В/В» деңгейіндегі кредиттік рейтингілер расталды. Банктің қазақстандық ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzBВ»-дан «kzBВB-» көтерілді.
 
25 млн. АҚШ доллары сомасына табысталатын (Шульдшаин) кредиттік келісімге қол қойылды.
 
«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ және и АО «ООИУПА «Bailyk Asset Management» АҚ 100% акциялары сатып алынды.
 
100% акций АО «Сенім ЖЗҚ» АҚ 100% акциялары сатып алынды.
 
2006
 
Банктің жарғы капиталы жай акцияларды орналастыру нәтижесінде 7 999 927, 434 мың теңгеге ұлғайтылды.
 
110 млн. АҚШ доллары сомасына екі траншпен үшінші синдикатталған қарыз тартылды.
 
Standard & Poor’s Банкке «қазақстандық ұлттық шкала бойынша В/В» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингі және «kzBB» рейтингін берді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты».
 
Дербес карточкалық процессингтік орталықты енгізу.
 
Банктің Корпоративтік басқару кодексі бекітілген.
 
Fitch Банкке «В-» прогноз «Тұрақты» болжамы деңгейіндегі Эмитент Дефолты рейтингін, «В» қысқа мерзімді рейтингін, «5» қолдау көрсету рейтингін және «D/E» жеке рейтингін берді.
 
«Алғашқы кредиттік бюро» ЖШС-нің құрамына кірді.
 
2005
 
50 млн. АҚШ доллары сомасында екінші синдикатталған қарыз тартылды.
 
2004
 
15,5 млн. АҚШ доллары сомасында бірінші синдикатталған қарыз тартылды.
 
Қазақстан ипотекалық қарыздарды кепілдік беру қорының мүшесі болды.
 
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінен банктік заңнамада қарастырылған ұлттық және шетел валютасында операциялар жүргізу туралы 01.03.2004 жылғы №237 алынды.
 
2003
 
Қамтамасыз етусіз атаулы, купонды облигациялардың бірінші шығарылымы тіркелген.
 
«Еуразиялық банк» ЖАҚ «Еуразиялық банк» АҚ-на қайта тіркеу жүргізілді.
 
Moody`s Investors Service агенттігі шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер үшін «В1» кредиттік рейтингін және «NP» қысқа мерзімді кредиттік рейтингін, «Е» (FSR) кредиттік рейтингін берді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты».
 
2002
 
«Процессингтік орталық» ЖАҚ акционері болды.
 
«Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ-да вексельдермен бірінші рет мәмілелер жасалды.
 
№ 237 теңгемен және шетел валютасымен банктік операцияларды жүргізуге мемлекеттік лицензия алынды.
 
2001
 
Банк «ЕДБ» халықаралық стандарттарға өту ережесінің» талаптарын орындаған деп танылды.
 
«VISA International» қауымдастырылған қатысушы мәртебесін алды.
 
Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының мүшесі болды (ЕӨҚ).
 
2000
 
Банктік талдамашылар клубына кірді.
 
«VISA International» халықаралық төлем жүйесінің қатысушысы болды.
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен векселдерді қайта есепке алу туралы бас келісім жасалды.
 
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болды.
 
1999
 
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшесі болды.
 
Банк-кастодиан ретіндегі қызметін бастады.
 
1998
 
№ 20060007 кастодиандық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия алынды.
 
1997
 
Номиналды ұстаушы ретіндегі клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен мемлекеттік БҚ брокерлік және дилерлік қызметпен айналысу туралы № 20030124 мемлекеттік лицензия алынды.
 
SWIFT (Дүниежүзілік Банкаралық Қаржылық Телекоммуникациялар Қоғамы) мүшесі-қатысушысы болды.
 
1996
 
Акциялардың екінші эмиссиясы тіркелген, оның нәтижесінде Банктің Жарғы капиталы 1360,6 млн. теңгеге дейін өсті.
 
Қазақстан қор биржасының мүшесі болды.
 
Мемлекеттік бағалы қағаздармен жұмыс жөнідегі бастапқы дилер қызметін орындау туралы шарт жасалды.
 
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті іске асыруға құқық беретін № 20030007 1-ші санатты мемлекеттік лицензия алынды.
 
«Еуразиялық банк» АБ-ті «Еуразиялық банк» ЖАҚ-на қайта тіркеу.
 
1995
 
Банктің 95,6 млн. теңге сомасындағы акцияларының бірінші эмиссиясы тіркелді.
 
Банктік операцияларды жүргізуге бас лицензия алынды.
 
1994
 
Желтоқсанда Акционерлік банк нысанда Еуразиялық банк құрылды.