Investors site
Комплаенс-бақылаушы

Құрметті «Еуразиялық банк» АҚ клиенттері!

Басқарушы директор – Бас комплаенс бақылаушы Гульнара Галиевна Мусинаның ресми бетіне қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес банкте комплаенс тәуекелді басқару функциясы енгізілген.

Комплаенс қызметі банктің қызметінің қаржы нарығында банктің қызмет көрсету және операциялар жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, банктің ішкі құжаттарының талаптарына, сондай-ақ банктің қызметіне ықпал ететін шетелдік мемлекеттердің заңнама талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады.

Комплаенс қызметі өзінің жұмыс барысында ҚР 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 «Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысын, Қазақстан Республикасының банктің қаржы нарығында қызмет көрсету және операциялар жүргізу тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар «Еуразиялық банк» АҚ ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

Банк өз қызметін сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV ЗРК «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және АҚШ-тың «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» (FATCA) Заңының шеңберінде жүзеге асырады.

«Еуразиялық банк» АҚ мен оның қызметкерлерінің жұмысындағы Сіздің тәжірибеңізде орын алған ҚР заңнамасын бұзу фактілері туралы, соның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері мен «Еуразиялық банк» АҚ ішкі нормативтік құжаттарын, этикалық нормаларды бұзу фактілері туралы хабарлау үшін төменде көрсетілген нысанды толтырып, Бас комплаенс бақылаушыға авторландырылған хабарлама жібере аласыздар.  

 


 

Т.А.Ә *
ЖСН *
Қала*
Байланыс телефоны: *
Пошталық мекенжайы *
Электрондық пошта *
Хабарлама мәтіні*
 
Cуреттен коды *
жіберу
* - толтырылуы міндетті жолдар