Investors site
Ипотекалық тұрғын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы

«Еуразиялық банк»  АҚ (бұдан әрі - Банк) ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 24.04.2015 ж. №69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй/ ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру шеңберінде сомасы 1,8 млрд теңге, 20 жыл мерзімге «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-пен банктік салым шартын жасады.

 

Бағдарлама мақсаттары:
- қарыз алушылардың барынша көп бөлігі үшін ипотекалық қарыздарды өтеу талаптарын жеңілдету;  
- проблемалық кредиттер деңгейін төмендету;
- экономиканың долларлану деңгейін төмендету.

 

Бағдарламаның негізгі талаптары:

Қаржыландырудан кейінгі қарыз валютасы

теңге

Негізгі борыштың қалдығы

36 470 000 теңгеден аспайтын *

Қарыз алынған кезең

2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Қарыздың пайдалану мақсаты

Тұрғын үй сатып алу немесе тұтынушылық мақсат

Кепілдік қамтамасыз ету

Қамтамасыз ету түрі:

Ерекшеліктер:
Тұрғын жылжымайтын мүлік Қарыз алушы мен оның жұбайының жалғыз баспанасы* болуы тиіс 
  • жекешелендіру, сыйға беру шарттары бойынша немесе мұраға беру тәртібімен, жалпы меншік құқығында оларға тиесілі, аталған бір тұрғын бірлікте тұратын әр адамға ауданы 16 м2 аспайтын, бір жеке тұрғын бірліктегі үлестерінің болуы;
  • Қарыз алушының және/немесе оның жұбайының сыйға немесе мұраға беру тәртібімен 01.01.2015 ж. кейін меншігіне өткен мүлігінің бар болуы;
  • меншігінде қосымша жер телімінің біреуінен артық болмауы;
  • халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қарыз алушының және/немесе оның жұбайының меншігінде қосымша жер телімінің (жалпы көлемі 100м2  аспайтын) біреуінен артық болмауы
Қарыз алушы мен оның жұбайының жер телімі жалғыз* болуы тиіс 
  • Қарыз алушының және/немесе оның жұбайының сыйға немесе мұраға беру тәртібімен 01.01.2015 ж. кейін меншігіне өткен мүлігінің бар болуы;
  • меншігінде қосымша тұрғын жылжымайтын мүліктің біреуінен артық болмауы;
  • халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушының және/немесе оның жұбайының меншігінде қосымша тұрғын емес үй-жайдың (жалпы алаңы 100 м2 аспайтын) біреуінен артық болмауы
Қарыз алушы мен оның жұбайының тұрғын емес үй-жайы (жалпы ауданы 100 м2 аспайтын) жалғыз* болуы тиіс 
  • халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушының және/немесе оның жұбайының меншігінде қосымша тұрғын жылжымайтын мүліктің немесе жер телімінің біреуінен артық болмауы.

Қарыз алушыларға қойылатын талаптар

- халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына* жататын қарыз алушылар;

- 90 күннен артық мерзімге төленбеген қарызы бар қарыз алушылар*;

- шетел валютасында қарыздары бар қарыз алушылар.

Ескерту:

Бағдарламаны іске асыру мақсатында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ҚР заңнамасына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардағы немесе қайта қаржыландыруға өтініш берген күнгі жағдай бойынша өз мәртебесін растаған қарыз алушылар, сонымен қатар ипотекалық тұрғын үй / ипотекалық қарызды алған мезетте «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар» мәртебесімен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын және (немесе) аталған мәртебені қарызға қызмет көрсету кезеңінде ие болған, бұл ретте 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ол мәртебеден айырылған қарыз алушылар жатады.

  * 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес.

     
     
Қарыздарды қайта қаржыландыру Бағдарлама талаптарына сәйкес мынадай басым бағыттарда іске асырылады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік жағдайы төмен адамдар қатарына жататын қарыз алушылардың 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздары*;
  • Ипотекалық тұрғын үй қарыздары;
  • Ипотекалық қарыздар (тұтынушылық мақсатқа берілген қарыздар).

Басым бағыттары қарыз алушылардан түскен өтініштердің күні мен уақыты бойынша белгіленеді.
Қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінімді қарастыру үшін қарыз алушы /қосарлас қарыз алушы беретін құжаттардың ең аз тізбесі.

Қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінім беру үшін қарыз алушының Банк шешім қабылдауға қажетті құжаттардың толық пакетін беруі қажет.

Банктің қайта қаржыландыру үшін кеңес алу / өтініш беру бойынша бөлімшелерінің мекенжайлары.