Investors site
Электрондық үкімет
«ЕСІКТЕРГЕ ЖҮГІРМЕЙ, ПЕРНЕТАҚТАДА ЗЫРЫЛДА»
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жобасының шеңберінде Еуразиялық банк «электрондық үкіметтің» Төлем шлюзімен бірікті..
 
Ақпарат үшін:
 
Жеке тұлғалар «электрондық үкіметтің» порталына үйден шықпай-ақ және кезекке тұрмай-ақ тіркеліп, электрондық-сандық қол ала алады және порталда мемлекеттік электрондық қызметке тапсырыс бере алады. Бұл азаматтық жай-күй актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру, ресми құжаттарды апостильдеу, сондай-ақ электрондық-сандық қол қоюсыз мемлекеттік баждарды, алымдарды, салықтарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу қызметтері.
 
«Электрондық үкімет» порталының қызметтер тізбесі үнемі толықтырылып және жаңартылып отырады, қызметтер туралы толық ақпарат алу үшін «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz. сайтына ауысу қажет
 

Толығырақ ақпаратты біздің банктің бөлімшесінде немесе мына телефондар арқылы біле аласыздар:

  • +7 727 332 77 22 (Алматы қ. үшін),
  • 77 22 Сапа қызметі (ұялы телефондар үшін, тегін)

 

 

Еуразиялық банк демалыс күндері жұмыс істейді