Investors site
7-20-25. Әр отбасы үшін тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері

Таныстырылым

Жиі қойылатын сұрақтар

 

Мақсаты үй салушыдан (құрылысқа тапсырыс берушіден) пайдалануға берілген жаңа баспананы сатып алу
Қарыз алушы мен қосарлас қарыз алушының/кепілдік берушінің жасы 23 жас және одан жоғары, ал банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнде зейнеткерлік жастан аспауы тиіс (әйелдер үшін 58 жас, ерлер үшін 63 жас)
Қарыз алушының/қосарлас қарыз алушының/кепілдік берушінің азаматтығы Қазақстан Республикасының азаматтығы
Қарыз валютасы теңге
Бастапқы жарна кепілмен қамтамасыз ету құнынан 20% 
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% (ЖТСМ жылдық 7,2%-дан басталады)
Сатып алынатын тұрғын жылжымайтын мүліктің ең жоғарғы құны 

Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін 25 миллион теңге;

басқа аймақтар үшін –15 миллион теңге.
Қарыздың ең көп сомасы

Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін 20 миллион теңге;

басқа аймақтар үшін –12 миллион теңге.
Қарыз мерзімі 25 жылға дейін
Қосымша талаптар

1)         Банктің ішкі талаптарына сәйкес қарыз алушы мен қосарлас қарыз алушының/кепілдік берушінің төлем қабілеттілігін талдау;

2)         қарыз алушының/қосарлас қарыз алушының «7-20-25» бағдарламасына* сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарыздары мен басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;

3)         Қазақстан Республикасының аумағында қарыз алушыға меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйдің болмауы, келесілерді қоспағанда:

- отбасының әрбір мүшесіне 15 шаршы метрден кем келетін пайдалы ауданы бар жатақхана бөлмесінің болуы;

- апаттық жағдайда құлағалы (опырылып) тұрған, бұл жәйт осы үй орналасқан жердегі жергілікті атқару органының тиісті анықтамасымен расталатын тұрғын үйлер
* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 31 мамырдағы  № 107 қаулысымен бекітілген «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үйге кредит беру бағдарламасы.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша кредит беруді іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезеңде «Еуразиялық банк» АҚ клиенттеріне - жалақылық жобаларға қатысатын қызметкерлерге кредит беру жүзеге асырылады. 

Өзгерістер болған жағдайда ақпарат қосымша түрде жарияланатын болады.

 

Өтініштер банк филиалы мен бөлімшелерінде келесі мекен-жайлар бойынша қабылданады:
1. Филиал 3 Ақтөбе қ., Амангелды Қосжанов к., 7 үй.
2. Филиал 5 Астана қ., Бейбітшілік к., 46 үй.
3. Филиал 6 Алматы қ., Алмалы ауданы, Байтұрсынұлы к., 50-52 үй.
4. Филиал 15 Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Қонаев к., 31 үй.

 

Байланыс деректері:

+7(727)332-77-22

+7 771 000 7722

+7 700 000 7722

+7 702 010 7722